Құдайбергенова Бәтес Малікқызы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті химия факульетінің 2002 жылы бакалавриатын, 2004 жылы магистратурасын бітірдi. 2005-2008 жылдар аралығында ҚазҰУ химия факультетінің органикалық химия және табиғи қосылыстар химиясы кафедрасында PhD докторантурада оқып, 2008 жылы химия саласында «Өздігінен құрылым түзгіш органикалық және бейорганикалық полимерлер негізінде биологиялық белсенді қосылыстарды тасымалдаушы жаңа композициялық материалдар алу және зерттеу» тақырыбында PhD докторлық диссертациясын қорғады. Ғылыми-зерттеу жұмысын жасау барысында бірнеше жаңа физика-химиялық зерттеу әдістерін меңгерді. Докторантура бағдарламасы және PostDoc аясында 2006, 2007 және 2012, 2016 жылдары Пәкістанның Карачи қаласындағы әлемдік деңгейдегі Химия орталықта және Dr. Panjwan атындағы молекулярлы медицина және дәрілер орталығында ғылыми стажировкадан өтті. Сонымен қатар 2011 жылы химиялық инженерия және нанохимия институтында біліктілігін арттырды. Б.М. Құдайбергенованың ғылыми-зерттеу жұмысы полимер-саз негізінде жаңа композициялық дәрілік формаларды алуға арналған. Ғылыми-зерттеу нәтижелері бойынша 60 астам мақалалар жарық көріп, 4 сынақ актілері және ҚР-ның 4 өнертапқыштық инновациялық патенті алынды.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Магистратура |
2004 |
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2002 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
PhD докторы |
20.06.2020 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
қауымдастырылған профессор (доцент) |
21.05.2021 |
ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАРЫ
" Қазақ университеті " 2019 - г. ISBN 978-601-04-3913-9 255 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Жумагалиева Ш.Н.
Органикалық химияның негізгі теориялары мен тапсырмалары
" Қазақ университеті " 2019 - г. 255 - стр. ҚАЗАҚСТАН
" Қазақ университеті " 2019 - г. ISBN 978-601-04-4020-3 270 - стр. ҚАЗАҚСТАН
13
құжаттар
5